Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher

Қазіргі тазалық пен тәртіп жайлы өмірдің кепілі болып тұрған заманда, тазалау үшін шаңсорғышты қолдану қалыпты нәрсеге айналды. Ең күшті шаңсорғыштың өзі қалыпты емес міндеттерді сапалы атқара алмайды. Мүмкіндіктерін арттыру үшін Керхердің шаңсорғыштарға арналған аксессуарларын қолданады. Дұрыс таңдалған аксессуарлардың көмегімен өз үйіңізді тазалауды тез және оңай жүзеге асыруға болады. Аксессуарлар тұрмыстық шаңсорғышты мейлінше фунционалды етеді және барлық орынжайды, оның ішінде қиын қол жетімді орындар мен жұмсақ жиһазды сапалы жинауға мүмкіндік береді.

Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher Karchershop.kz

Осы мақалада біз сіздерге үйді, автомобильді, бақша учаскесін және де шеберхананы жинау бойынша әртүрлі міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін Kärcher шаңсорғыштарына арналған аксессуарлардың кең таңдауын қарастырамыз.

Маңызды! Kärcher шаңсорғышына арналған сәйкес келетін аксессуарларды сатып алу үшін, олардың аппараттың нақты сериясы мен моделіне сәйкестігін ескеру қажет.

Kärcher -дің түпнұсқа аксессуарларын сатып ала отырып, сіз сапасы, сенімділігі мен таңдалған модельдің дәл сәйкестігіні үшін сенімді бола аласыз.

Kärcher тұрмыстық шаңсорғыштарына арналған аксессуарлар ассортименті

Kärcher-дің түпнұсқа бұйымдары сіздің моделіңіздің функциялық мүмкіндіктерін арттырады және тазалауды тиімдірек етеді. Kärcher аксессуарларының көпшілігі әмбебап және Kärcher аппараттарының көбіне сәйкес келеді. 

Біз келесі санаттағы аксессуарларды ұсынамыз:

Сүзгілер – шаңды ұстап қалатын және жабдыққа сору күшін сақтауға мүмкіндік беретін шаңсорғыштарға арналған теңдесі жоқ аксессуарлар. Ол бөлмедегі ұсақ тозаңның аллергендерін, кенелердің бөлінділерін, саңырауқұлақ споралары мен көгергенді кетіруге көмектеседі. Сүзгілеу тиімділігі жоғары НЕРА гигиеналық сүзгілері шаңсорғыштан бөлме ауасынан таза ауаны шығаруды қамтамасыз етеді. Сүзгілер оңай алынады және қайта салынады.

Сүзгі қаптар – шаңсорғыштарды қорғауды және қоқысты оңай іске асыруды қамтамасыз етеді. Қаптардың бірнеше түрлері бар: қағаз, флис, тоқылмайтын материалдан жасалған сүзгі – қаптар. 

Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher Karchershop.kz
Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher Karchershop.kz

Қондырмалар – кез-келген материалдарды тазалау бойынша әртүрлі міндеттерді орындауға арналған. Қондырмаларды қолдана отырып, қол жетімділігі қиын орындарды тазалауға, нәзік беттерді және кілем жабындарын тазалауға, жиһазды терең тазалауды жүзеге асыруға болады. Керхер қондырмаларының ассортиментінде: шаң ұстағыш қондырма, қылқалам қондырмасы, жұмсақ жиһазға арналған турбоқондырма, саңылаулық қондырма, жуғыш қондырма және тағы да басқалары.

Щеткалар – тез және ұқыпты жинау үшін арналған. Жұмсақ жиһазға арналған қондырма, сезімтал беттерге арналған жұмсақ щетка, турбощетка – тазалау үрдісін айтарлықтай жеңілдетеді.

Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher Karchershop.kz
Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher Karchershop.kz

Түтікшелер мен шлангтер. Кей кезде шаңсорғышпен қол жетімділігі қиын жерлерді, мысалы, жиһаздың астын немесе жоғарыдағы сөрелерді жинауға тура келеді. Ұзартылған және телескопиялық түтікшелер, иілгіш шлангтер сізге бұл міндетті артық күш салусыз атқаруға көмектеседі.

Егер сізге сіздің автокөлігіңіздегі тазалық үйіңіздегі тазалық сияқты маңызды болса, Kärcher-дің автокөлікті тазалауға арналған шаңсорғышына арналған аксессуарлар сізге ең керегі болып табылады. Арнайы қондырмалар мен щеткалар орындықтарды, кілемшелерді және де автокөлік төбесін де жеңіл тазалауға мүмкіндік береді. Втокөлікке арналған жинақпен салонды тазалау үрдісі бұрынғыдан да оңай болады.

Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher Karchershop.kz
Повышаем эффективность уборки - аксессуары к пылесосам Kärcher Karchershop.kz

Арнайы қондырмалар болсын немесе тиімді турбощеткалар болсын – әрбір аксессуар сіздердің қажеттіліктеріңізді ескере отырып жасалған және ең қиын үрдісті жеңілдетуге арналған. Kärcher -дің арқасында тазалау тек үйдегі міндетің емес, жағымды уақыт өткізу болып табылады. Өзіңізге үйіңіздегі тазалық пен сергектіктен ләззат алуға мүмкіндік беріңіз. Тазалауды жылдам әрі тиімді ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Kärcher шаңсорғыштарына арналған аксессуарларды қайдан сатып алуға болады?

Керхер шаңсорғыштарының түпнұсқа аксессуарларының барлық ассортименті онлайн дүкенінде көрсетілген Karchershop.kz.

Барлық өнім Kärcher компаниясымен бекітілген спа стандарттарына сәйкес келеді. Шаңсорғыштардың кез-келген моделі үшін аксессуарлар таңдап алуға болады. Егер қиындықтар туындаса, біздің менеджерлер сізге барлығын ажыратып алуға және сіздің нақты қажеттіліктеріңізге сай келетін қажетті элементтерді таңдауға көмектесуге дайын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған