Жазғы маусымға арналған үздік 5 Kärcher жоғары қысымды жуу аппараты

Kärcher Kazakhstan – Жазғы маусымға арналған үздік 5 Kärcher жоғары қысымды жуу аппараты
ТОП-5 лучших моек высокого давления Kärcher для летнего сезона

Жаз мезгілі жақындағанда, тек автокөлік иелері ғана емес, саяжайы мен ауласы бар жандар да мінсіз тазалыққа қол жеткізіп, ең қиын кірді барынша тез, сапалы әрі оңай кетірудің жолдарын іздей бастайды. Бұл мәселені шешудің сенімді әрі тексерілген тәсілі – әлемнің көптеген елінде танымал болып, сенімге ие болған Kärcher жоғары қысымды жуу аппараты. Бүгінгі таңда қандай шағын жуу аппараттары үздік деп танылады?

Kärcher жуу аппараттары қандай міндеттерді орындауға арналған?

Kärcher өнімдерінің барлық түрінің ішінде жоғары қысымды жуу аппараты – танымал неміс брендінің ең көп сұранысқа ие құрылғыларының бірі. Ол керемет нәтижесі, қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы, сондай-ақ әмбебаптығы үшін жоғары бағаланады. Керхер жуу аппаратын келесі мақсаттарда сәтті қолдануға болады:

  • жеңіл көліктер мен жол талғамайтын көліктерге, тіркемелер мен дөңгелекті үйлерге, сондай-ақ екі доңғалақты көлікке – велосипедтерге, мотороллерлерге, мотоциклдерге арналған;
  • қоршауларды, тас тақтайшаларды, бақша жиһазын тазалауға арналған;
  • сыртқы баспалдақтарды, террасаларды, балкондарды, ғимарат қасбетін жууға арналған;
  • бітеліп қалған суағар құбырлар мен науаларды тазалауға арналған.


Kärcher ТОП-5 үлгісінің рейтингі

Ең танымал шағын жуу аппараттар туралы әңгімені тазалық үшін күресте әмбебап көмекші болатын базалық тұрмыстық үлгілердің бірі – ықшам әрі үнемді Kärcher K 3 - тен бастауды ұсынамыз. Аппараттың өнімділігі 1,6 кВт қуат тұтыну кезінде ең жоғары 120 бар қысыммен сағатына 380 литрді құрайды. Саптамаларды оңай жалғау үшін Керхер шағын  жуу аппараты Quick Connect жүйесімен жабдықталған.

K 4 Classic Car аппараты 1,8 кВт қуат тұтынады және су қысымын 130 барға дейін жеткізе алады. Жоғары өнімділігі (420 л/сағ) және тікелей су құбырынан жұмыс істеу мүмкіндігі бұл модельді тұрмыстық құрылғылар класындағы ең үздіктердің бірі етеді. Бұл аппарат түрлі жағдайларда жұмыс істеуге және кетірілуі қиын ластанулармен күресуге тамаша бейімделген. Ол Quick Connect қосқышы бар тапаншамен, 6 метрлік жоғары қысымды шлангімен, Vario Power ағынды түтікшесімен, балшық кетіргіш фрезамен және бақша шлангісіне арналған адаптермен жабдықталған.

K 4 Universal Edition жуу аппараты – қуат, сенімділік пен өнімділіктің үйлесімі. 1,8 кВт қуат тұтынатын аппарат 130 барға дейін қысым түсіреді, ал оның өнімділігі 420 л/сағ жетеді. Kärcher жуу аппараты су құбырынан да, кез келген сыйымдылықтан су сору режимінде де жұмыс істей алады. Мұндай әмбебаптық кез келген жағдайда – тіпті сумен жабдықтау жоқ жерлерде де беттерді таза сумен немесе жуғыш ерітіндімен тиімді тазалауға мүмкіндік береді.

Керхер шағын жуу аппараты K 5 Basic – эргономика, тиімділік пен функционалдықтың үйлесімі. Ыңғайлы телескопиялық тұтқасы мен 8 метрлік шлангі құрылғыны аумақта оңай жылжытуға, сондай-ақ жолдарды, алаңдарды, бассейндер мен ғимарат қасбеттерін тазалауға мүмкіндік береді. Жинақтамаға балшық кетіретін фреза және Vario Power ағынды түтігі кіреді. Аппарат 2,1 кВт қуат тұтынады, бұл 145 барға дейін қысым тудыруға мүмкіндік береді, ал оның өнімділігі сағатына 500 литрге жетеді.

Кәсіби модельдер рейтингінде жетекші орындардың бірін K 7 WCM жоғары қысымды шағын аппараты иеленеді. Сумен салқындату жүйесімен жабдықталған қозғалтқыш 3 кВт қуат тұтынғанымен, 220 барға дейін қысым бере алады және сағатына 600 литрге дейінгі өнімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай көрсеткіштер, сондай-ақ Vario Power ағынды түтікшесін пайдаланып, су ағынының қысымын реттеу мүмкіндігі әртүрлі беттерді тазалағанда мінсіз нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Kärcher компаниясының үздік шағын жуу аппараттарын салыстыру

Бүгінгі таңда Kärcher жуу аппараттарының модельдік қатары өте алуан түрлі, сондықтан әркім нақты міндеттеріне сай келетін оңтайлы құрылғыны таңдай алады.

  • Бюджеттік желідегі K3, K mini, K 4 Classic жуу аппараттары – ықшам әрі үнемді, олар саяжайда немесе үй маңындағы аумақта ара-тұра қолдануға өте жақсы келеді.
  • K 5 Classic, K 5 WCM Premium жуу құрылғылары – жоғары өнімділік пен сенімділіктің үйлесімі. Олар әртүрлі міндеттерді орындауға жарамды және үй мен көлікті таза ұстауға мүмкіндік береді.
  • Kärcher K 7 Comfort Premium Connect жоғары қысымды аппараты – бұл жоғары тиімділік, пайдаланудағы барынша ыңғайлылық, озық эргономика және заманауи техникалық шешімдердің жарқын үлгісі. Бұл СК дисплейде қысым көрсеткіштерін бақылауға немесе мобильді құрылғыдағы қолданба арқылы жұмыс параметрлерін реттеуге мүмкіндік береді.

 

Kärcher  жоғары қысымды жуу аппаратын пайдалану бойынша кеңестер

Жазда Kärcher шағын жуу аппараты шамадан тыс қызып кетуі мүмкін, бұл пайдалану кезінде оның істен шығуына әкеледі. Ал жұмыс ауқымының едәуір кеңеюі қауіпсіздік талаптарын аса мұқият сақтауды талап етеді.

  • Жуу аппаратын тікелей күн сәулесінің астында пайдалану – орынсыз: бұл аппараттың қызып кету қаупін арттырады. Мүмкіндік болса, жұмысты көлеңке жерде жасаңыз.
  • Ыстық судың температурасын бақылаңыз – жазда бұл өте маңызды. Тұрмыстық модельдер үшін бұл көрсеткіш 40 - 50°C температурасынан аспауы тиіс.
  • Ашық ауада, қуат көзінен (розеткадан) едәуір қашықтықта жұмыс істеу үшін ұзартқыш жиі қолданылады. Қызып кетуді болдырмау үшін жоғары қысымды аппаратты қосар алдында ұзартқышты толығымен тарқату қажет.
  • Өндірушінің нұсқауларын сақтап, құрылғының әрбір 20 минуттық жұмысынан кейін үзіліс жасау өте маңызды.

Өзіңіздің Керхер шағын жуғыш үлгісінің пайдалану жөніндегі нұсқаулығын мұқият зерделеп, дәлірек әрі нақты ұсыныстар таба аласыз.

 

Жаз – бақшада көбірек уақыт өткізуге, күркеде достармен бас қосуға, табиғат аясына жиі шығуға мүмкіндік беретін ерекше мезгіл. Өнімділігі жоғары, қуатты және сенімді Керхер жуу аппараттары кез келген аумақта мінсіз нәтижеге қол жеткізе отырып, артық күш жұмсамай-ақ тәртіп орнатуға және тазалықты сақтауға көмектеседі. Қазақстандағы түпнұсқа Kärcher техникасы енді мінсіз тазалық пен неміс сапасын бағалайтын әрбір адамға қолжетімді. Біз ресми кепілдік, кәсіби таңдау және Астана, Алматы мен еліміздің кез келген басқа қалаларына жылдам жеткізуді қамтамасыз ете отырып, тұрмыстық және кәсіби жабдықтардың толық ассортиментін тамаша бағамен ұсынамыз.