Төлем

"Құрметті сатып алушылар, біздің сайтта Alfred Kaercher GmbH & CO өнімдерінің ассортиментімен және бағалық ұсынысымен таныса аласыз. Компанияның Қазақстан Республикасы аумағындағы ресми өкілі — «Керхер» ЖШС.

Біздің тауарға тапсырыс бергіңіз немесе оны сатып алғыңыз келсе, тауарға тапсырыс рәсімдеу және төлем жасау тәртібімен мұқият танысуыңызды сұраймыз.

Тауар үшін төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз тәсілмен қабылданады.
Тауар таңдаған кезде оның мамандандырылған дүкендерде бар-жоғын нақтылаңыз.
Компания қызметкерлері тауардың бар-жоғы немесе оның келіп түсу мерзімі туралы хабарлайды.

Дүкенде қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз (төлем картасы арқылы) есеп айырыса аласыз.
Заңды тұлғалардың өкілдеріне хабарлаймыз: қолма-қол ақшасыз төлеммен сатып алуды рәсімдеу үшін тауардың бар-жоғын нақтылап, ұйымыңыздың деректемелерін ұсынуыңыз қажет.
Компания қызметкерлері төлем шотын электрондық пошта немесе факс арқылы жібереді.
Төлем шоты бес жұмыс күні ішінде жарамды.
Заңды тұлғалар үшін қолма-қол есеп айырысу ұйымның деректемелерін ұсыну және тауарды алған кезде қолма-қол төлем жасау арқылы жүзеге асырылады."