Құрметті сатып алушылар, осы брендпен сатылымда ұсынылатын Kärcher техникасының барлық ассортименті Қазақстан нарығына ресми жеткізілмейтінін ескеріңіз.
Ресми әкелінген Kärcher техникасын «сұр» импорттан ажыратуға мүмкіндік беретін маңызды белгі — кепілдік талоны. Біздің Керхер орталықтарымыз, серіктестеріміз және дилерлеріміз Kärcher техникасын сатып алған кезде кепілдік талондарын береді және ресми серіктестік сертификаттарына ие.
«Керхер» ЖШС ресми сервистік орталықтарында жабдыққа кепілдік жөндеу жүргізу үшін сатушы дұрыс әрі анық толтырған, белгіленген үлгіге сәйкес кепілдік талоны болуы қажет.
Маңызды!
Егер тауарды ресми құжаттарды ұсына алмайтын сатушылардан сатып алсаңыз, шығу тегі белгісіз техниканы аласыз."