Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению

Тазалау – бұл біздің соңымыздан өмір бойы қалмайтын және көп уақыт пен күшті қажет ететін күнделікті қайталанатын жұмыс. Жұмысты жеңілдету үшін әйелдер көптеген қосымша құрылғыларды қолданады. Бутазартқыш үйді мұнтаздай таза қылудағы теңдесі жоқ көмекшілердің бірі болып табылады.

Kärcher бутазартқышы – әртүрлі беттерді мұқият және тиімді тазалау үшін арналған инновациялық құрылғы.

Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению Karchershop.kz

Төменде сізге осы тексерістен өткен брендтің бутазартқышын сатып алу керектігін білдіретін бірнеше себеп келтірілген:

  • қол жетімді және экологиялық;
  • бумен зарарсыздандыру – құрылғы зиянды бактериялар мен микроорганизмдерді, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жояды;
  • аллергендермен күресу;
  • әмбебаптылық – кең ауқымды қолдану;
  • әртүрлі міндеттерді орындау үшін көмпетег қосымша аксессуарлар ;
  • уақыт үнемдеу;
  • энергияны аз қолдану;
  • пайдалану, қызмет көрсету, сақтау оңай.

Бутазартқыш көмегімен шешілетін міндеттер ауқымы өте кең. Үйді тазарту үшін осы құрылғыны қолдану бойынша бірнеше ұсынымдарды қарастырып көрейік.

Керхер бутазартқышын қолдану бойынша кеңестер


Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению Karchershop.kz

1. Бутазартқыштың көмегімен ас үйді тазалау

  • плиткалардың жігін жуу үшін нүктелі шүмекті және щеткаларды қолданыңыз;
  • беттерін сырып алмас үшін қондырмаға мата қаптама кигізіңіз.
Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению Karchershop.kz

2. Ванна мен сантехниканы жуу

  • плиткаларды, жіктерді, бұдыр беттерді тазарту үшін щеткаларды қолданыңыз;
  • қиын жерлерді тазалау үшін жіңішке қондырма сәйкес келеді;
  • қоспалауышты сырып алмас үшін оны нүктелі шүмектен бу ағынымен тазартыңыз.
Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению Karchershop.kz

3. Терезелерді тазартуға арналған бутазартқыш

  • алдымен шыныны қаптамасы бар қол қондырмасымен сүртіңіз;
  • шыныны нүктелі шүмекпен өңдеңіз;
  • резеңке тартқышпен ылғалды кетіріңіз;
  • тазалауды жоғарыдан төменге қарай жасау керек;
  • терезелерді жылы кезде жуу керек. Қыста терезе температураның күрт ауытқуынан жарылып кетуі мүмкін.
Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению Karchershop.kz

4. Бутазартқыштарды еден тазартуға қолдану

  • тазалауға кіріспес бұрын еденде ірі қоқыстар жоқ екендігіне көз жеткізіп алыңыз;
  • сіздің еденіңіздің типі жоғары температурадағы буға төзімді екеніне көз жеткізіңіз;
  • ағаш едендер ылғал сезгіш, сондықтан да төмен қысымды буды қолдану және еден бетін тез сүртіп алу маңызды;
  • бір жерді ұзақ уақыт бойы тазаламаңыз;
  • еденді тазалау кезінде плитканың, ламинаттың бағытының бойымен жүріңіз.

Бутазартқышты пайдалану бойынша кеңсетер


Бутазартқышты қауіпсіз пайдалану үшін сізге:

  • қажетті бетті тазартуға арналған қондырманы орнату;
  • су ыдысын толтыру керек. Сүзілген немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз, егер ол тым қатты болмаса, құбырдан аққан суды да алуға болады;
  • құрылғыны қуат көзіне қосыңыз;
  • жарық индикаторы сигнал бергеннен кейін, тазалауды бастаңыз;
  • егер сіз тазалауды аяқтамасаңыз және резервуардағы су таусылып қалса, құрылғыны қосыңыз, судың жаңа бөлігін құйыңыз, оның қызуын күтіңіз және тазалықты бастаңыз;
  • тазалауды аяқтағаннан кейін құрылғыны өшіріңіз;
  • егер сіз жақын күндері бутазартқышты қолдануды жоспарламасаңыз, резервуардағы суды төгіп тастаңыз.

Маңызды! Суға арналған резервуарды суығанша ашпаңыз.

Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению Karchershop.kz

Бутазартқышты күту және сақтау бойынша кеңестер


Пароочиститель Kärcher -  советы по эксплуатации и хранению Karchershop.kz

Құрылғы мүмкіндігінше ұзақ жұмыс істеуі үшін оған жақсы күтім қажет:

  • әр қолданғаннан кейін бутазартқышты шайып, керек-жарақтарды кептіру керек;
  • бакте су қалдықтары болмауы керек;
  • құрылғының корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз, сезімтал беттерді зақымдауы мүмкін тұрмыстық химикаттарды қолданбаңыз;
  • щеткаларды кептіріп, қылшақтарын жоғары қаратып сақтау керек;
  • майлықтарды машинада жууға болады, сақтамас бұрын дұрыстап құрғату керек;
  • арнайы әзірленген құрал - Kärcher – ұнтақ антинакипин, құралын пайдаланып, резервуарды қақтан үнемі тазалаңыз; абразивтерді немесе басқа химиялық заттарды қолданбаңыз;
  • электр кабелінің, сондай-ақ құбыршектің тұтастығын тексеріңіз. Қажет болса, ауыстырыңыз.

Маңызды! Kärcher бу тазартқышын, мысалы, қыста балконда нөлден төмен температурада сақтамаңыз!

Бутазартқышты қолдану және сақтау ережелерін сақтаңыз, сонда ол сізге жылдар бойы қызмет етеді! Керхер бутазартқышын Қазақстандағы біздің KARCHER Қазақстанда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған